Зектілері

Қауіпсіздік шараларын сақтаңыз: Астана тұрғындарына лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өткізу туралы ескертілді

Жарияланған күні:

Орал
Тәртіп сақшылары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бүгін Астанада лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтуде. Елорданың лаңкестікпен күрес жөніндегі жедел штабы қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды KA.NUR.KZ.

"9 қарашада сағат 7:00 - 14:00 аралығында Елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабымен Астана қаласы аумағында "Ветеренария бойынша ұлттық референттік орталық" жағдайында (Абайдың 150 жылдығы көшесі, 22/3 үй) терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізу көзделген", - делінген хабарламада.

Шараның мақсаты - құқық қорғау және арнайы қызмет органдары күш-құралдарының  терроризм қауіптеріне қарсы жедел әрекет ету дайындығын тексеру.

Оқу-жаттығу аясында белгілі деңгейде тыйымдар мен қаланың кейбір аудандарында жаяу жүру және көлік қозғалыстарына уақытша шектеулер енгізу қарастырылған.

"Осыған орай, азаматтарды өтіп жатқан шараға түсінікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған ақпараттардың таралуына жол бермеуге шақырамыз", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2185176-qauipsizdik-sharalaryn-saqtangyz-astana-turgyndaryna-langkestikke-qarsy-oqu-zhattygular-otkizu-turaly-eskertildi/