jitsu gif
Оқыс оқиға

    Шымкентте апат салдарынан ықшамаудандардың бірі жарықсыз қалды

    электр энергиясы
    Көрнекі фото: pixabay.com

    9 қарашада Шымкент қаласының "Шымсити" тұрғын үй массивінде электр энергиясы жаппай сөндірілді. Оған себеп – 110 мың вольт қысымға ие кабельді желінің ақауы, деп жазады Otyrar.kz.

    Апат салдарынан 1658 абонент жарықсыз қалды, оның 12-сі заңды тұлғалар. Электр энергиясының шығыны 3750 кВт/сағ құраған.

    Оқиға үшінші тарап ұйымының келісілмеген жер жұмыстарын жүргізу кезінде болған. Зақымдалған кабель "Бозарық" (220 кВ) қосалқы станциясы мен "Астана-1" қосалқы станциясын қосады.

    Айта кетейік, Шымкент Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының теңгеріміндегі желі ЖШС-лардың біріне сенімгерлік басқаруға берілген.

    Басылым мәліметінше, оқиға орнына істің мән-жайын тексеру үшін Шымкент қаласы бойынша анықтау басқармасының полиция қызметкерлері шақырылған. Ал ЖШС өкілдері электр энергиясын қалыпқа келтіру бойынша шұғыл әрекет еткен.

    Шымкентте апат салдарынан ықшамаудандардың бірі жарықсыз қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.