jitsu gif
Оқыс оқиға

    Ақ ұнтақ салынған 18 қап: Қарағанды облысында қарулы күштер дивизиясының командирі ұсталды

    Әскери адам
    Әскери адам. Көрнекі сурет: Suzanne Kreiter/The Boston Globe via Getty Images

    Желіде Қарағанды облысында қарулы күштер дивизиясы командирінің есірткі сақтады деген күдікпен ұсталғаны туралы хабарламалар пайда болды. Жағдайға байланысты облыстық ПД өкілдері түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ведомство баспасөз қызметі мәліметінше, 10 қарашада Балқаш-Сарышаған тасжолында патрульдік полиция батальоны патрульдік іс-шара барысында 31 жастағы азамат тізгіндеген Geely Coolray автокөлігін тоқтатқан.

    "Тоқтатуға жол ережесін бұзу (мемлекеттік нөмірсіз жүру) себеп болды. Көлікті тексеру кезінде жүк салонынан салмағы 12 келіге жуық ақ ұнтақ заты бар 18 қап табылды. Жедел-тергеу тобы шақырылды. Оқиға орнында тыйым салынған зат бар деген күдік расталды", - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД өкілдері.

    Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

    Бұған дейін Астанада есірткі заттарын заңсыз ұстады деген күдікпен 33 жастағы тұрғын ұсталған болатын. Сонымен қатар оның пәтерінен атыс травматикалық патрондары бар газ тапаншасы табылды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.