Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада сот шешімімен келіспеген құрылыс компаниясының басшысы кранның үстіне шығып алған

Жарияланған күні:

Кран
Кран. Көрнекі фото: pixabay.com

Желіде Астанада ер адамның кранға шығып алғаны туралы ақпарат жарияланды. KAZ.NUR.KZ тілшісі бұған қатысты әкімдікпен хабарласып, мәселенің мән-жайын білді.

Әкімдік дерегінше, құрылыс объектісіндегі кран басында "Ата-Тау" компаниясының басшысы болды. Ол құрылыс объектісін үлескерлерге беру туралы Жоғарғы сот шешімімен келіспеген.

"Ер адам "Шавгар" тұрғын үй кешенінің құрылысшысы бола отырып, 2017 жылы тек тұрғын үйдің нөлдік циклін (іргетасы мен бірінші қабаты) салған. Осы жылдар ішінде үлескерлер өз пәтерлерін күтіп отыр.

Қала әкімдігінің ведомствоаралық комиссиясының (ВАК) шешімі негізінде Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуратурасы объектіні ТҚК-ға (үлескерлерге) беру туралы сотқа талап арыз берді", - делінген хабарда.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 20 қазандағы шешімімен жер учаскелері бар құрылыс объектісі "Астана Сити 2023" ТҚК-ға (үлескерлерге) берілген.

Ал биыл 5 шілдеде Жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен жер учаскелері бар құрылыс объектісі "Астана Сити 2023" ТҚК (үлескерлер үшін) қарауында қалдырылған.

"Тасов М. осы шешіммен келіспейді, объектіні зардап шеккен үлескерлерге беруді сұрап отыр. Барлық қызметтер орнында болды. Аудан, қалалық орта сапасы мен бақылау басқармасының өкілдері, заңгерлер түсініктеме берді. Алынған түсініктемелерден кейін М. Тасов мұнара кранынан түсті. Сондай-ақ оның қатысуымен ВАК отырысы қосымша өткізілетін болады.

Құрылысы 2017 жылы басталған нысандағы құрылыс жұмыстарын жеке құрылыс компаниясы аяқтап жатыр. Нысанда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп жауап берді Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2185761-astanada-sot-sheshimimen-kelispegen-qurylys-kompaniianyng-basshysy-krannyng-ustine-shygyp-algan/