Қабырғасын ойған: Павлодарда банктердің бірінде ұрлық жасалған
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін таңертең банктердің бірінің Павлодардағы филиалында ойылған қабырға анықталды. Оқиға орнына полиция шақырылып, қазір ұрлық жасаған күдіктілер іздестірлуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бүгін полицейлер Павлодардағы банктердің бірінің филиалын қоршауға алды. Ол Естай көшесіндегі 40-ғимараттың бірінші қабатында орналасқан. Бұл ретте көпқабатты үйдің жертөлесіне кіруге де тыйым салынған.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, кеше түн тыныш өткен.
"Түнде не болғанын полицейлерге айттым. Түнде залда батареядан біртүрлі дыбыстар шықты. Сағат 4-те. Кейін ПИК-ке хабарластым. ПИК сағат 5-те келді, өшірді, сосын бәрі тынышталды", - дейді қала тұрғыны.
Полиция оқиғаға қатысты пікір білдірді. Олар ұрлық фактісі бойынша тергеу басталғанын, қазір бұл іске қатысы барлар іздестіріліп жатқанын хабарлады.
"11 қараша күні таңғы сағат 9.30-да полицияға банктердің бірінің бөлімшесінің қабырғасын ойғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына полиция департаментінің басшылығы мен жедел-тергеу тобы барды. Болған жайттың мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаментінен.
Сонымен қатар полиция өкілдері банк бөлімшесінен нақты не ұрланғанын хабарламады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2185802-qabyrgasyn-oigan-pavlodarda-bankterding-birinde-urlyq-zhasalgan/