Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде еңбек демалысын бермегені үшін әріптесінің пәтерін өртеп жіберген ер адам сотталды

Жарияланған күні:

кісен
Кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақтөбеде бірге жұмыс істейтін қызметкердің пәтерін қасақана өртеген ер адамның 3 жылға бас бостандығы шектелді. Бұл туралы Ақтөбе соты Instagram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ақтөбе қаласының №2 сотында өрт қою арқылы бөтеннің мүлкiн қасақана жойды деген айыппен Е.-ге қатысты қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 202-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы).

Сот ақпаратынша, 2024 жылғы шілдеде сотталушы Е. жұмыс кезінде әріптесі И.-мен кезекті еңбек демалысын бермегені үшін араларында түсінбеушілік пайда болған. Сотталушы жауап қайтару мақсатында зардап шегушінің пәтерінің қосымша кілті бар екені есіне түсіп, мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру ойы пайда болған.

"Өзінің қылмыстық ойын соңына дейін жеткізу үшін, И.-дің үйіне таксимен барып, өзінде болған қосымша кілттің көмегімен ашып кіріп, пәтер ішін аралап, тексеріп болған соң, жатын бөлме есігінде ілініп тұрған джинсы шалбарын, өзімен бірге алып келген оттықпен тұтатып жағып, оқиға орнынан бой тасалап кеткен", - делінген хабарламада.

Сотталушы тағылған айып бойынша кінәсін толық мойындады.

Сотталушының кінәсі өзінің мойындауымен қатар, жәбірленушінің жауабымен, оқиға болған жерді қарау хаттамасымен, өрт-техникалық сараптама қорытындысымен және іс құжаттарына тіркелген басқа да дәлелдемелермен расталады.

Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жәйлар ретінде сот сотталушының жас балаларының болуын, жасаған қылмыстық іс-әрекетіне шын жүректен өкінуін, кінәсін толық мойындағанын, қылмыстық құқықбұзушылық салдарынан келтiрiлген мүлiктiк залалды ерікті түрде өтеуін ескерді.

Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жәйлар анықталмаған.

"Сот үкімімен соттаушы Е. кінәлі деп танылып, оған пробациялық бақылау белгілеумен 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", - делінген хабарламда.

Жәбірленушінің талап арызы шығынның өтелуіне байланысты өзінің өтініші бойынша қанағаттандырусыз қалдырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2185827-aqtobede-engbek-demalysyn-bermegeni-ushin-ariptesining-paterin-ortep-zhibergen-er-adam-sottaldy/