Ақтөбе облысындағы тікұшақ апаты: тергеу барысында қандай нұсқалар қарастырылуда
Жарияланған күні:
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары тікұшақ апатынан офицер-нұсқаушы қаза тапқан Ақтөбе облысында болған қайғылы оқиға туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы Сұлтан Камалетдинов Ақтөбе облысында болған қайғылы оқиға туралы айтты. МИ-8 тікұшағының апатынан Әуе қорғанысы күштері Әскери институты (ІАҚ) авиациялық эскадрильясының нұсқаушы офицері қаза тапты.
Сонымен қатар қатты қону кезінде Солтүстік әскери округі Әскери институтының авиациялық эскадрилья командирі майор Бибарыс Ибраев пен авиациялық оқу орталығының аға нұсқаушысы, аға лейтенант Рүстем Нығметов те жарақат алды. Олар қазір облыстық ауруханада жатыр.
"Мен мүмкіндікті пайдаланып, қайтыс болған офицердің туыстарына тағы да көңіл айтқым келеді. Бұл қарулы күштер үшін орны толмас қаза. Көмек толық көлемде көрсетіледі, заңнамаға сәйкес тиісті төлемдер төленетін болады. Балалар асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алады", - деді Сұлтан Камалетдинов.
Ол ұшақтың апатқа ұшырау себептеріне қатысты тергеу жүріп жатқанын еске салды.
"Алдын ала мәліметтер бойынша әртүрлі нұсқалар қарастырылады. Оның ішінде техниканың істен шығуы да бар", - деп түсіндірді ол.
Қамалетдиновтың айтуынша, Қорғаныс министрлігі әзірге мұндай тікұшақтарды ауыстыруды жоспарлап отырған жоқ.
"Жалпы алғанда, кез келген техниканың осындай болуы мүмкін (істен шығу- ред.ескертпесі). Сонымен қатар бұл тікұшақ әлемдегі ең сенімді және 50 мемлекетте қолданылады. Сондықтан қайғылы оқиғаның нақты себептері туралы айтуға әлі ерте", - деп қосты ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2185850-aqtobe-oblysyndagy-tikushaq-apaty-tergeu-barysynda-qandai-nusqalar-qarastyryluda/