Шығыс Қазақстан облысында қарлы бораннан бірнеше ауыл жарықсыз қалды
Жарияланған күні:
ШҚО-дағы Күршім ауданында қатты желден электр желісі үзіліп, бірнеше ауыл жарықсыз қалған. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
Жергілікті әкімдік қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді.
Өңірде бірнеше күн қатарынан ауа райы бұзылып, жол апаттары күрт көбейген.
"Осинов және Өмеш асуларынан автокөліктердің жыраға құлап кетуі жиі тіркелді. Сондай-ақ Өскемен-Риддер, Өскемен-Шемонаиха, Өскемен-Тарғын-Самар тасжолдарында жол-көлік оқиғалары көп болды.
Қатты боран мен жолдың дұрыс көрінбеуі салдарынан көлік қозғалысын жиі шектеуге тура келеді",-деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2185982-shygys-qazaqstan-oblysynda-qarly-borannan-birneshe-auyl-zharyqsyz-qaldy/