jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Алматы облысында ауыл шаруашылығына арналған жерде пайдалы қазбалар өндірілген

Жер учаскесі
Жер учаскесі. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында мақсатты пайдаланылмаған 99 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтында хабарланды.

"АШМ ЖРБК Алматы облысының жер ресурстарын басқару департаменті ауданы 99 га жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылдады. Бұл шешім осы учаскенің мақсатты пайдаланылмауына байланысты болды", - делінген хабарда.

Тексеру барысында Іле ауданының аумағында жер пайдаланушының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін оның мақсатына сәйкес пайдаланбайтыны және оның орнына пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатыны анықталған.

Кәсіпорынға әкімшілік айыппұл салынып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Сотқа дейінгі реттеу процесінде ЖШС пайдаланылмаған жер учаскесін мемлекеттік жер қорына өз еркімен қайтару туралы шешім қабылдады.

Еске салсақ, бұған дейін бас прокурор Берік Асылов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа берген есебінде кейінгі 4 жылда мемлекетке 17 миллион гектар жер қайтарылғанын айтқан еді.

Алматы облысында ауыл шаруашылығына арналған жерде пайдалы қазбалар өндірілген

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.