"Жұмыс тиісті деңгейде ұйымдастырылмаған": Бектенов әкімдіктерді сынға алды
Жарияланған күні:
Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет отырысында әкімдіктерге газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылау жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Бұл туралы үкімет Telegram-дағы арнасында хабарлайды.
Үкімет отырысында одан әрі пайдалануға жарамсыз тұрмыстық баллондарды қолданыстан шығару және утилизациялау мәселесін шешу қажеттігі атап өтілді.
"Қазіргі уақытта тұрмыстық және коммуналдық тұтынушылардың газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылау әкімдіктерге жүктелген. Алайда жұмыс тиісті деңгейде ұйымдастырылмаған.
Газ толтыру пункттерінің меншік иелері арасында баллондардың сапасын бақылау, олардың жарамдылық мерзімін тексеру туралы түсіндіру жұмысын жүргізу қажет", - деді Олжас Бектенов.
Премьер-министр Өнеркәсіп министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, баллондар өндірісін ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2186147-bektenov-akimdikterge-gaz-zhabdyqtaryn-qauipsiz-paidalanu-talaptarynyng-saqtaluyn-baqylau-zhumystaryn-kusheitudi-tapsyrdy/