Балық аулаған: Астанада екі бала өзенге батып кете жаздады (видео)
Жарияланған күні:
Астанада өзенде балық аулап жүрген екі бала абайсызда суға құлап кетті. Оларды сол кезде қасынан өтіп бара жатқан екі ер адам құтқарып қалды, деп хабарлайды елорда әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Оқиға 3 қарашада Ақбұлақ өзенінің маңында болған.
"10 және 11 жастағы екі бала жағадан балық аулап, абайсызда суға құлап кеткен", - делінген Астана әкімдігінің Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпаратта.
Осы кезде жақын жерде жүрген екі ер адам бірден көмекке ұмтылған. Олар балаларды қауіпсіз жерге шығарып, жедел жәрдем шақырған. Кәмелетке толмағандар дәрігерлерге тапсырылды.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда суға батып бара жатқан баланы құтқарған қызылордалық жігіттің марапатталғаны туралы жазған едік.
27 қазанда Алматыда баланың өмірін судан құтқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Қызылорда қаласының тумасы Әлихан Сәкенұлы Жақсылық "Суға батқанды құтқарғаны үшін" медалімен марапатталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2186321-balyq-aulagan-astanada-eki-bala-ozenge-batyp-kete-zhazdady-video/