jitsu gif
Денсаулық

    Шымкентте 39 жастағы келіншек оныншы баласын дүниеге әкелді (фото)

    Гүлбану Пірімқұлова
    Гүлбану Пірімқұлова. Фото: t.me/ otyrarkz

    Шымкентте 39 жастағы келіншек оныншы баласын дүниеге әкелді. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.

    Басылым мәліметіне сүйенсек, 6 қараша күні Шымкенттің 39 жастағы тұрғыны Гүлбану Пірімқұлова толғағы ұстап, қалалық перзентханаға жеткізілген. Оныншы баласына жүкті келіншек табиғи жолмен босанды. Перзентхананың медициналық қызметкерлері тиісті көмек көрсеткен.

    Айта кетейік, көпбалалы келіншек Гүлбану 19 жасында тұрмысқа шыққан. Ол 20 жылда 10 баланы дүниеге әкелген. Ерлі-зайыпты бүгінде Жанель, Анель, Мэлс, Айсана, Нурислам, Айдана, Хан, Жасмин, Зере мен Аяулым есімді ұл-қыздарды тәрбиелеп отыр.

    Гүлбану Пірімқұлованың жолдасы Болат 43 жаста. Олардың үлкен балалары студент атанған.

    Шымкентте 39 жастағы келіншек оныншы баласын дүниеге әкелді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.