Бүгін Қазақстанның ірі қалаларында қар жауады деп болжанды
Жарияланған күні:
Астана, Алматы мен Шымкентте 13 қарашада ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Алматыда қар және жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 5 градусқа дейін көтеріліп, түнде 2 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,1 м/с болмақ.
Астанада, синоптиктердің болжамынша, аздаған қар жауады. Күндіз ауа температурасы -6 градусқа дейін жетіп, түнде -13 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 7,6 м/с болады.
Шымкентте бүгін қар мен жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Күндіз термометр бағаны 8 градусқа дейін көтерліссе, түнде -2 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 5,1 м/с деңгейінде болмақ.
Айта кетейік, Алматыда 13 қараша түннен бастап 14 қараша таңға дейін жаңбыр жауып, арты қарға ұласады, ауа температурасы -3 градусқа дейін төмендейді деп болжанып отыр. Осыған байланысты қала әкімдігі тұрғындарға ескерту жасады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2186523-bugin-qazaqstannyng-iri-qalalarynda-qar-zhauady-dep-bolzhandy/