jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Меккеде босанған: Умра қажылығына барған келіншек басынан өткен қызық оқиғасын баяндап берді (видео)

Мекке қаласында қасиетті Қағбаны айналып жүрген адамдар
Мекке қаласында қасиетті Қағбаны айналып жүрген адамдар. Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан телеарнасындағы "Керемет келін" ұлттық жобасының қатысушысы Жанерке Айдархан Умра қажылығына барған кездегі қызық оқиғасын бөлісті. Келіншектің айтуынша, ол сапарының екінші күні күтпеген жерден босанып, қасиетті Меккеде қызды болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жанеркенің Умраға баруына "Керемет келін" жобасы себепкер болған. Әйелдің айтуынша, ол сапарға аттанған кезде жүктіліктің алтыншы айында болған.

"Келін болып түскеннен кейінгі алғашқы Умра қажылығым, жолдасым екеуіміз барған едік. Ол кезде менің аяғым ауыр болатын. Бірақ ай-күніне жетпеген, алты айдан енді асып еді. Жеті айға дейін ұшаққа (отыруға – ред. ескертпесі) рұқсат етіледі. Бірінші перзентім болған соң ондай нәрсені білмедім.

Мен босанбай тұрып Умра қажылығымызды өткеріп келейік деп кеттік. Сол жақта екінші күні ойламаған жерден толғақсыз, босандым. Солай Алланың бізге берген нығметі ретінде қызды болдым. Тікелей рейспен Мекке қаласына тоқтаған болатынбыз. Сол жақта үлкен қызымды дүниеге әкелдім, сол жақта есімін қойдық", - деді ол.

Келіншектің айтуынша, кейін апасы қасиетті жерге барып, Умра қажылығын орындаған.

"Босанғаннан кейін анам, енем, апам артымыздан келді. Бізде ешқандай дайындық жоқ. Артымыздан немересін көруге әрі киімдерін әкелуге келді. Біздің себепшілігімізбен өзімнің апам мен жолдасым Умра қажылығын орындаған болатын", - дейді келіншек.

Меккеде босанған: Умра қажылығына барған келіншек басынан өткен қызық оқиғасын баяндап берді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.