jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкент полициясы тұман түсуіне байланысты көлік жүргізушілеріне үндеу жасады (видео)

Бағлан Қалжанов
Бағлан Қалжанов. Видеодан кадр: instagram.com/ patruldik_polisia_polki

Шымкент қаласы бойынша патрульдік полиция полкі тұман түсуіне байланысты көлік жүргізушілеріне үндеу жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Патрульдік полиция полкінің взвод командирі, полиция майоры Қалжанов Бағланның видеосы Шымкент қаласы бойынша ППП-нің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

"Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Тұман болған жағдайда жүргізушілер қатты тежеуден аулақ болуы керек. Егер жолға шығу керек болса, тұман аймағында жылдамдықты едәуір төмендету керек, ал егер жолдағы көріну екі метрден аспаса, қозғалысты тоқтатып, тоқтау ұсынылады.

Сондай-ақ міндетті түрде габариттік оттарды қосу және жылдам жасалатын маневрлер – орын ауыстыру және басып озулардан аулақ болу қажет. Ал жаяу жүргіншілерге жолды белгіленген жаяу жүргіншілер өтетін жерлерде ғана өту ұсынылады", - деді Бағлан Қалжанов.

Шымкент полициясы тұман түсуіне байланысты көлік жүргізушілеріне үндеу жасады (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.