Top.Mail.Ru

Зектілері

Польшалық инвесторлар Шымкентте құны 200 млн АҚШ долларын құрайтын жылыжай салуға ниетті

Жарияланған күні:

Ғабит Сыздықбеков Fabe Polska басшылығымен
Ғабит Сыздықбеков Fabe Polska басшылығымен. Фото: instagram.com/ shymkent_kelbeti

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Fabe Polska поляк компаниясының басшылығымен кездесті. Кездесу барысында Шымкентте аумағы 150 гектарды құрайтын жоғары технологиялы жылыжай салу туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы "Шымкент келбеті" басылымы қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның Instagram-дағы ақпаратына сүйенсек, ауқымды жобаның жалпы құны 120 миллион АҚШ долларды құрайды. Инвестициялық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде жылына 36 мың тонна қызанақ пен қияр өндіріп, 800-ден астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Өндірілген өнім жергілікті нарыққа және шетелге экспортталады. Қала әкімі инвесторларға мұндай жобаны жүзеге асыруға қызығушылық танытқаны үшін алғыс айтты.

"Инвестициялық климатты қолайлы ету – қаланың дамуының маңызды бағыттарының бірі. Біз мұндай жобаларға әрқашан жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Себебі бұл қаланың ғана емес, тұтас елдің дамуына оң ықпал етеді", - деді Ғабит Сыздықбеков.

Аталған жобаның іске қосылуы тек қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосып қана қоймай, жылыжай бизнесінің дамуына, жаңа технологияларды енгізуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға қосымша серпін беретінін атап өткен жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2186912-polshalyq-investorlar-shymkentte-quny-200-mln-aqsh-dollaryn-quraityn-zhylyzhai-saluga-nietti/