Балқашта заңсыз қазылған карьер табылды
Жарияланған күні:
Қарағанды облысында тұрғындармен Балқаштағы заңсыз кен өндіру мәселесі талқыланды. Жиында түсініктемелер беріліп, мәселені шешу жолдары ұсынылды. Бұл туралы өңірлік экология департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған ақпарат бойынша, Балқаш қаласының тұрғыны Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің тау-кен жұмыстарына қатысты нормаларын түсіндіруді сұраған. Кездесуде оған жан-жақты жауаптар беріліп, тиісті мемлекеттік органға бағытталды.
Ведомство өкілдері Балқашта кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру мәселесі өткір тұрғанын жасырмады.
Департамент өкілдері Балқашта пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру мәселесі өзекті екенін атап өтті. 2024 жылғы 9 қарашада қала әкімдігімен бірлесіп "Ғарыш Сапары" геопорталы арқылы жүргізілген рейд барысында Спицына көшесі мен 10-ықшамаудан маңында рұқсатсыз топырақ өндіру жұмыстары жүргізіліп жатқан карьер анықталды.
Бұл дерек бойынша іс материалдары Балқаш полиция басқармасының ақпараттық кітабына тіркеліп, тәркіленген техника мән-жай анықталғанша уақытша тұраққа қойылды.
Сондай-ақ Қарағанды облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланудың екі фактісі анықталды. Жалпы сомасы 365 335 теңге көлемінде айыппұл салынды. Екі заңды тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 139-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.
Автор: Динар Мұрат
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2187420-balqashta-zangsyz-qazylgan-karer-tabyldy/