Жаркенттегі офицер өлімі: марқұмның туыстары қайғылы жайтқа қатысты өз нұсқасын айтты (видео)
Жарияланған күні:
Жаркентте қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары оны кісі қолынан қаза тапты деп есептейді. Бұл туралы КТК телеарнасының сайты хабарлайды.
Жетісу облысында оқу-жаттығу кезінде офицер Дархан Нұрланұлы қаза тапты. Марқұмның туыстары қайғылы оқиғаның мән-жайын білгісі келетінін айтып отыр.
"Есімді жинай алмай отырдым. Марат ағамен сөйлескен кезде, жанында балалар тұрды, әскери полицияның бір офицері, подполковник айтты "иә, тұншықтырған, қылғындырған, барлық орны бар, бәрін анықтамаға жазды" деп. Енді сараптаманы бір айдан кейін аласыңдар деді", - дейді марқұмның туысы.
26 жастағы Дархан Нұрланұлы Алматы қаласындағы құрлық әскерлері институтында оқыған.
Отарда біраз қызмет етіпті. Жаркенттегі 74 261 әскери бөліміне ауысып, екі айдан кейін қайтыс болды. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы өкілдері осы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады:
"Биыл 14 қарашада диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс сабақтар өткізуде қауіпсіздік шарасын бұзу салдарынан Жаркент гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің офицері алған жарақатынан қайтыс болды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі".
Дереккөз: КТК
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2187677-zharkenttegi-ofitser-olimi-marqumnyng-tuystary-qaigyly-zhaitqa-qatysty-oz-nusqasyn-aitty/