jitsu gif branding logo appbranding logo app
Денсаулық

    Шымкенттік дәрігерлер сирек кездесетін қатерлі дертке шалдыққан науқасты аман алып қалды

    Дәрігер науқасты қарап жатыр
    Дәрігер мен науқас. Көрнекі фото: Freepik

    Шымкенттік дәрігерлер сирек кездесетін қатерлі дертке шалдыққан науқасты аман алып қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық ӨКҚ Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    ӨКҚ мәліметіне сүйенсек, 9 қараша күні Астанада өткен халықаралық нефрологтар конгресінде Шымкент қалалық №2 аурухананың дәрігер-нефрологы Полатбек Төлегенұлы Мырзаханов өз саласында "Ең үздік жарияланым" номинациясы бойынша ең жоғары марапатқа ие болған.

    Бұл жетістік аурухананың нефрология бөлімінің меңгерушісі Жанар Мақсұтқызы Русалиева бастаған білікті дәрігерлер тобының қажырлы еңбегінің нәтижесі болып отыр.

    Дәлірек айтқанда, шымкенттік дәрігерлердің кәсібилігі мен табандылығы сирек кездесетін әрі қауіпті ауру – Гудпасчер синдромына диагноз қоюға мүмкіндік берген. Бұл синдром 23 жастағы науқаста анықталған.

    Өмір сүру ұзақтығы орташа есеппен 8-10 айды құрайтын бұл дертте өлімнің негізгі себептері – өкпедегі қан кету немесе бүйрек жетіспеушілігінің асқынуы. Күрделі диагнозға қарамастан, дәрігерлер науқасты емдеп шығарды. Қазіргі таңда оның жағдайы тұрақты.

    Шымкенттік дәрігерлер сирек кездесетін қатерлі дертке шалдыққан науқасты аман алып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.