jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте қалдық тастағаны үшін тұрғындарға 3 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Қоқыс салатын контейнер
Қоқыс салатын контейнер. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкент қаласы Келес ауданының орталығы Абай ауылындағы ескірген инфрақұрылым жүйелері жаңартылып, абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Дегенмен елді мекеннің ажарын ашатын нысандарды бүлдіріп, абаттандыру қағидаларын бұзатын азаматтар да анықталып жатыр6 деп хабарлайды Otyrar.kz.

Осы орайда Абай ауылында жыл басынан бері коммуналдық қалдықтарды тастағаны үшін 175 әкімшілік хаттама толтырылып, 3 090 840 теңге айыппұл салынып, оның 1 099 100 теңге өндірілген. Бұл туралы Келес ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Даурен Сариевтің Абай ауылы тұрғындарымен кездесуінде айтылды.

"Абай ауылы аумағына 10 учаскелік полиция инспекторы бекітілген. Жыл басынан бері Абай ауылы бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 505-бабы бойынша қалалар мен елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін азаматтарға 126 рет хаттама толтырылып, ескертулер берілген", - деді Абай ауылы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Нұрлан Умирбаев.

Кездесу соңында жеке мәселелер бойынша келген тұрғындарды қабылдаған Даурен Нұрланұлы түйткілді мәселелерді шешу бойынша жауаптыларға нақты тапсырмаларды жүктеді.

Шымкентте қалдық тастағаны үшін тұрғындарға 3 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.