jitsu gif
Саясат

    Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары тағайындалды

    Еркебұлан Қазбекұлы Хамидуллин
    Еркебұлан Қазбекұлы Хамидуллин. Фото: "Ұлттық ұлан" баспасөз қызметі

    15 қарашада Президент аппаратының келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен полковник Еркебұлан Қазбекұлы Хамидуллин ІІМ Ұлттық ұланы бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық ұланының Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бүгін Бас қолбасшылықтың жеке құрамына жаңадан тағайындалған офицерді Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков таныстырды.

    "Полковник Хамидуллин арнайы мемлекеттік органдарда елеулі қызмет мектебінен өткен тәжірибелі офицер. Оның кәсібилігіне, адалдығына және жоғары моральдық қасиеттерге ие екеніне күмән жоқ. Еркебұлан Қазбекұлы біздің әскерді тылдық қамтамасыз етуді дамытуға мол үлес қосатынына сенімдімін. Оны осы лауазымға тағайындалуымен құттықтаймын және жаңа қызметіне сәттілік тілеймін", - деді генерал-майор Аңсаған Балтабеков.

    Полковник Еркебұлан Хамидуллин II дәрежелі "Айбын" орденінің иегері, 2005 жылдан бастап, осы қызметке тағайындалғанға дейін арнаулы мемлекеттік органдарда түрлі офицерлік лауазымдарда қызмет атқарған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.