Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анталиядан Алматыға Қазақстан азаматы депортацияланды

Жарияланған күні:

Анталиядан Қазақстан азаматы қайтарылды
Анталиядан Қазақстан азаматы қайтарылды. Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 16 қарашада Халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы бар деген күдікпен Анталиядан Алматыға Қазақстан азаматын қайтарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ құзырлы органға сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 16 қарашада Бас прокуратурамен бірлесіп, Анталия қаласынан Алматыға халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматын алып келді.

Тергеу материалына сәйкес, ол ертеректе Сирияға кетіп, қарулы топтардың біріне қосылған. Содан кейін Түркияға жетіп, сол жерде полиция органдарымен ұсталған.

Оның өз еркімен Қазақстанға қайтып, заңмен қарастырылған қылмыстық жауапкершілікті тартуға дайын екені анықталды.

ҰҚК фигурантқа қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде. Ол сот санкциясымен қамауға алынды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2189276-halyqaralyq-terroristik-uiymnyng-areketine-qatysy-bar-degen-kudikpen-antaliiadan-almatyga-qazaqstan-azamaty-deportatsiialandy/