jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Ақтөбе облысының прокуроры қызметінен босатылды

    Халидолла Дәуешов
    Халидолла Дәуешов. Фото: gov.kz

    Ақтөбе облысының прокуроры Халидолла Дәуешов қызметтен босатылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

    Ауыс-түйіс туралы мәлімет бас прокуратураның Telegram-арнасында жарияланды. Дәуешов облыс прокуроры лауазымынан "қызметті өткерудің шекті жасына жетуіне байланысты" босатылған.

    Ақтөбе облысының прокуратурасын енді кім басқаратыны туралы ресми мәлімет әзірге жарияланбады.

    60 жастағы Дәуешов осы қызметке 2022 жылғы шілдеде тағайындалған. Оған дейін Атырау облысының прокуроры қызметін атқарған.

    Халидолла Дәуешов І және ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен марапатталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.

    Ақтөбе облысының прокуроры қызметінен босатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.