Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысының полициясында кадрлық ауыс-түйіс болды

Жарияланған күні:

Полиция қызметкері
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы облысы полиция департаменті бастығының бұйрығымен полиция подполковнигі Абдунур Тасыбаев жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы лауазымына, полиция майоры Байжан Сатылғанов Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды. Бұл жөнінде ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Облыстық полиция өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, Ішкі істер министрлігінің келісімі бойынша, Алматы облысы полиция департаменті бастығының бұйрығымен жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы лауазымына полиция подполковнигі Абдунур Тасыбаев тағайындалды.

Абдунур Тасыбаев 1975 жылы Түлкібас ауданында дүниеге келген. ҚР ІІМ Академиясының заң институтын тәмәмдәп, Ішкі істер органдарында 1993 жылдан бастап қызмет етеді. Бұған дейін Алматы қаласының ПД әртүрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. Осы уақытқа дейін Алматы қаласы ПД Медеу АПБ-на қарасты полиция бөлімін басқарған.

Оны ұжымға таныстыра отырып, департамент бастығы негізгі міндеттерді белгілеп, ашықтықтың, адамдарға жақындықтың және заң нормаларын қатаң сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

ҚР Ішкі істер министрлігінің келісімі бойынша, Алматы облысы полиция департаменті бастығының бұйрығымен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы лауазымына Байжан Сатылғанов тағайындалды.

Полиция майоры Байжан Сатылғанов 1989 жылы 18 мамырда Қордай ауданы Михайловка ауылында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 2012 жылдың қаңтарынан бастап қызмет етеді. Еңбек жолын учаскелік полиция инспекторының көмекшісі қызметінен бастаған.

Көліктегі полиция департаментінің, сондай-ақ Жамбыл облысының полиция департаментінің түрлі басшылық лауазымдарында жұмыс істеген. Бұған дейін Жамбыл облысы Т.Рысқұлов атындағы аудандық полиция бөлімінің бастығы лаузымында қызмет атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2189541-almaty-oblysynyng-politsiiasynda-kadrlyq-auys-tuiis-boldy/