jitsu gif
Саясат

    Шымкенттіктер әскери бөлімнің құрылған күнін атап өтті

    Әскери бөлім
    Әскери бөлімнің құрылған күніне орай өткен жиын. Фото: Шымкент гарнизоны

    Шымкенттіктер 36814 әскери бөлімінің құрылған күнін атап өтті. Мерекелік концерт Жастар ресурстық орталығында ұйымдастырылды. Салтанатты шараға гарнизонның әскери бөлімдерінің командирлері, мекеме басшылары, Қарулы күштердің ардагерлері, әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелері қатысты, деп хабарлайды Otyrar.kz.

    Мерекелік жиын сахнаға Қазақстанның туын алып шығудан басталды. Гарнизонның әскери оркестрінің орындауында мемлекеттік әнұран шырқалды. Бөлім командирі, полковник Ербол Әбдірайым жиналғандардың барлығын айтулы мерекемен құттықтап, мерекенің бастауын ашты.

    Әскери бөлімнің штаб бастығы лауазымдық міндеттерін орындау кезінде көрсеткен еңбекқорлығы үшін ерекше көзге түскен әскери қызметшілерді марапаттау туралы бұйрықты оқыды.

    Осыдан кейін әскери қызметте кәсібилігімен, мінсіз қызметімен ерекшеленген және жауынгерлік даярлықта үздік деп танылған бірқатар офицер мен сержант алғыс хаттармен және құттықтау грамоталарымен марапатталды.

    Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары Бағлан Асанбаев мерекеге себепкер жандарға ризашылығын білдіріп, олардың жұмысына сәттілік тіледі.

    Іс-шара барысында сахнаның слайд экранынан әскери бөлімнің жетістіктері туралы бейнероликтер көрсетілді.

    Қазіргі уақытта әскери бөлім – мегаполисте орналасқан элиталық бөлімшелердің бірі. Концертке қатысушылар тарихи сәттерді ғана емес, бөлімнің мақтан тұтатын заманауи жетістіктерін де көруге мүмкіндік алды.

    Мереке көрерменге ұмытылмас сәттер сыйлаған және барлық қатысушының рухын көтерген шығармашылық ұжымдардың жарқын қойылымымен аяқталды.

    Шымкенттіктер әскери бөлімнің құрылған күнін атап өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.