Шерзат Болат қазасы: министр Алматы облысы полиция департаменті экс-басшысының неліктен қызметі өскенін түсіндірді
Жарияланған күні:
Читать на русскомІшкі істер министрі Ержан Сәденов сенат кулуарында Талғардағы атышулы оқиға өткен соң, үш күннен кейін Бауыржан Әленовтің ішкі істер вице-министрі қызметіне тағайындалғанына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
"Бізде "кадрлық резерв" деген ұғым бар. Бір қылмысқа қарап, баға бере алмайсыз, лауазым туралы шешім бұрын шығарылған. Иә, ол бұл қылмыс толық ашылғанша жауапты болды. Тергеуді тергеуші жүргізіп жатыр. Ол басқарды, қазір тікелей менің бақылауымда тергеу-жедел тобы құрылды.
Біріншіден, ол сіз айтқандай жай ғана келіп, отыра қалған жоқ (вице-министр лауазымы – ред. ескертпесі). Басқа бөлімшелердегі сияқты кадрлық резерв жүйесі бар, сондықтан ол тәжірибелі офицер, кадрлық резервте бұрыннан бар", - деді Ержан Сәденов.
Ол вице-министрді тағайындау туралы шешім бір күнде қабылданбайтынын атап өтті.
"Ол кандидатураны ұсынды және тиісті шешім қабылданды, ол оқиғадан бір күн бұрын тағайындалды", - деп түйіндеді сөзін ІІМ басшысы.
Еске сала кетейік, 7 қазанда Бауыржан Әленов Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған болатын. Осыған дейін 2022 жылдың тамыз айынан бастап Алматы облысының полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2190725-sherzat-bolat-olimi-ministr-almaty-oblysy-pd-buryngy-basshysy-nelikten-qyzmette-zhogarylaganyn-tusindirdi/