jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Ақмола облысында пәтерде қамалып қалған екі бала құтқарылды

    Құтқарушылар жұмыс істеуде
    Құтқарушылар жұмыс істеуде. Видеодан кадр: Telegram/ҚР ТЖМ

    Ақмола облысында құтқарушылар пәтерде қамалып қалған екі балаға көмекке келді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Төтенше жағдайлар министрлігінің Telеgram-дағы ресми парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, оқиға Қосшы қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде орын алды. Белгілі болғандай, 2021 және 2022 жылы туған балалар анасы дүкенге шыққанда есік жабылып, пәтерде қамалып қалды.

    Құтқарушылар оқиға орнына жедел келіп, аспалы құралдардың көмегімен есікті ашты. Балалар аман-есен ата-аналарына тапсырылды.

    Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.