Зектілері

Шымкентте есірткіге қарсы күрес мәселесі бойынша өткен жиынға 600 адам қатысты

Жарияланған күні:

Есірткіге қарсы күрес бойынша өткен жиын
Есірткіге қарсы күрес бойынша өткен жиын. Фото: instagram.com/ police_shymkent

Шымкентте құқыққорғау органы қызметкерлері "Заң сіз бен бізге ортақ" тақырыбы аясында жастармен кездесу өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ПД Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, Шымкент қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Бауыржан Қарбеков, Шымкент қаласы прокуратурасының басқарма бастығы Жандос Досанов жастардың өзекті мәселелелері және оны шешу жолдарын талқыға салған.

Жиынға 600-ден астам жас қатысқан. Полиция департаменті және қалалық прокуратура бірлесе ұйымдастырған басқосу жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алуды қолға алмақ.

Қаладағы жоғары оқу орындары мен орта арнаулы оқу орындарының шәкірттері қатысқан жиында есірткі және нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, жастар тәрбиесін назарға алу мәселесі жан-жақты қамтылды.

Жиында Бауыржан Қарбеков нашақорлықтың алдын алу шаралары туралы мәлімет беріп, есірткінің қоғамға зияны туралы атап өтті. Қоғамдағы түрлі құқықбұзушылықтардан алыс жүріп, жастарды еліне адал қызмет етуге, ата-ананың үмітін ақтауға шақырды. Ол қазіргі таңда есірткі қылмысының жауапкершілігі қатаңдатылғанына тоқтала кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2191128-shymkentte-esirtkige-qarsy-kures-maselesi-boiynsha-otken-zhiynga-600-adam-qatysty/