jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Жезқазған әкімдігінің жер теліміне қатысты шешімі заңсыз деп танылды

    Жер телімі
    Жер телімі. Көрнекі фото: pixabay.com

    Жезқазған әкімдігінің Кеңгір су қоймасы маңынан жер телімдерін беру туралы қаулылары заңсыз деп танылды. Бұл туралы Ұлытау облыстық сотына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Соттың ресми Telegram-дағы арнасында пайда болған ақпаратқа сәйкес, іс Жезқазған қаласындағы Есенберлин көшесінде орналасқан жер телімдеріне қатысты болды.

    Талапкер З. жер телімінің 2020 жылы өзіне жалға берілгенін, бірақ 2023 жылы жергілікті атқарушы органның қаулысымен бұл жер телімдері уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен басқа тұлғаға берілгенін мәлімдеді.

    Талапкердің айтуынша, жерге орналастыру жобалары көршілес жер пайдаланушылармен келісу рәсімінсіз бекітілген, бұл Жер және Су кодекстарының нормаларына қайшы.

    Сот барысында тараптардың жер телімдері Кеңгір су қоймасының аймағында, су қорының жерлерінде орналасқаны және осы аумақтағы инфрақұрылымдық нысандардың мүдделер қақтығысын туындатқаны анықталды.

    Жезқазған қаласы әкімдігінің 2023 жылғы жер телімдерін уақытша пайдалануға беру туралы қаулылары заңсыз деп танылып, күші жойылды.

    Жерге орналастыру жобаларын бекіту туралы әрекеттер заңсыз деп танылды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.