Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте инвестиция көлемі 536,4 млрд теңгеге жеткен

Жарияланған күні:

Инвестиция
Инвестиция. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте инвестиция көлемі 536,4 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков айтты.

Ғабит Сыздықбековтің айтуынша, биылдан бастап инвестициялар тарту бойынша жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында "Инвест Шымкент" фронт-офисі белсенді жұмыс істеп, қала аумағында инвесторларды "Бір терезе" қағидаты бойынша сүйемелдеу қызметін көрсетіп жатыр. Инвесторларға бизнес-жоспар әзірлеуден бастап, жобаны іске асыру үшін қажетті барлық рұқсат құжатын алу бойынша 2000-нан астам қызмет ұсынылған.

"Нәтижесінде инвесторларды қолдау арқасында инвестициялар көлемі 536,4 миллиард теңгені құрады. 220 инвестициялық жоба пулынан тұратын жобалар саны 2,7 триллион теңгеге жетіп, 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады", - деді қала әкімі.

Әкімнің сөзінше, қазіргі уақытта Шымкентте Түркияның "Аларко Холдинг" компаниясымен бірге 650 га аумақта ең үлкен жылыжай кешенін салу жобасы іске асырылуда. Жоба құны – 650 млн АҚШ доллары. Жобаны кезең-кезеңмен жүзеге асыру жоспарланған.

Одан бөлек "АКСА Энерджи" компаниясымен 500 МВт қуаттылығы бар парогазды қондырғыны салу туралы 700 млн АҚШ доллары көлемінде келісімшарт жасалған. Ғабит Сыздықбековтің айтуынша, бұл жобаның жүзеге асуы қала тұрғындарын сапалы электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр.

Сонымен қатар "ИНТЕРТРАНС" компаниясымен 150 млн АҚШ доллары көлемінде полипропилен ұнтағын өндіру зауытын салу туралы келісімшарт жасалған. Жобаны жүзеге асыру үшін 20 гектар жер бөлінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2191241-shymkentte-investitsiia-kolemi-536-4-mlrd-tenggege-zhetti/