Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғабит Сыздықбеков: Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 30 пайызға азайды

Жарияланған күні:

Кішкентай қыз, ойыншығы және ақша
Кішкентай қыз ақшаның үстіне қолын қойып отыр. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 30 пайызға азайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде қала әкімі Ғабит Сыздықбеков айтты.

Әкімнің айтуынша, қазіргі уақытта жұмыс орындарын құрып, халық табысының тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп отыр. Ал қалада белсенді жұмыс істейтін азаматтар саны 468 мыңнан асқан.

"Биыл жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында жұмыспен қамту шараларына 45 мыңнан астам адам тартылып, 32 мыңға жуығы тұрақты жұмыспен қамтылды (оның ішінде, жеке бастама 18,3 мың адам, бос жұмыс орындарына 13,4 мың адам).

Жұмыспен қамту және мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 30 пайызға азайды (2023 ж. 10 айы – 12 108 отбасы, 2024 ж. 10 айы – 8 511 отбасы)", - деді ол.

Одан бөлек, Ғабит Сыздықбековтің сөзінше, қалада өткен жылмен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыздан 4,8 пайызға төмендеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2191247-gabit-syzdyqbekov-shymkentte-atauly-aleumettik-komek-alushylar-sany-30-paiyzga-azaidy/