Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маған да жетіп отырады": Шымкент әкімі сыбайлас жемқорлық мәселесіне қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Ғабит Сыздықбеков
Ғабит Сыздықбеков. Видеодан кадр: youtube.com/ Орталық коммуникациялар қызметі

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаладағы сыбайлас жемқорлық мәселесіне қатысты пікір білдірді. Ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте заңсыз әрекеттерге барған әріптестері туралы да сөз қозғады.

Ғабит Сыздықбеков өз сөзінде сыбайлас жемқорлықпен күресу мемлекеттің маңызды міндетіне айналғанын айтты. Әкім қалада бұл мәселе әлі толық шешілген жоқ деп есептейді.

"Президентімізден бастап ел басшылығының ұстанымы – жемқорлықтың көзін жою. Мен келе сала, ұстанымымды әріптестеріме ашық айттым. Әкімдіктегілерге, кәсіпкерлерге бұдан былай мұндай жағдай болмайтынын ескерттім. Соның өзінде өкінішке қарай жанымызда жүріп, заңсыз табыс табу мақсатында түрлі әрекеттерге барған қызметкерлеріміз де болды. Олар заң бойынша жазасын алды.

Қазіргі таңда толықтай азайды деп айта алмаймын. Себебі әртүрлі салада болып жатқан заңсыз әрекеттер маған да жетіп отырады. Онымен күресетін арнайы органдар бар. Олар өз жұмыстарын атқарып жатыр. Бірақ біздің позициямыз– таза, адал жолмен жұмысымызды атқару", - деді қала әкімі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2191274-magan-da-zhetip-otyrady-shymkent-akimi-sybailas-zhemqorlyq-maselesine-qatysty-pikir-bildirdi/