Демалыс күндері Алматының орталық көшелерінің бірі жабылады
Жарияланған күні:
Алматыда 22-24 қараша аралығында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің өтуіне байланысты Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылады. Бұл туралы қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің өтуіне байланысты Сәтбаев көшесінің Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі учаске 22 қарашада сағат 20:00-ден 24 қарашада 20:00-ге дейін жабылады.
"Жәрмеңкені өткізу кезінде №45, №95 және №121 бағыттардың сызбалары өзгереді. Жабылатын учаскені айналып өту Абай даңғылы бойынша жүргізілетін болады", - делінген хабарламада.
Жәрмеңке сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін Алматы қаласында кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.
"Жәрмеңкеге 50-ден астам өнім түрлері (ет және сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары және т.б.) қойылады", - деп хабарланды қала әкімдігінде.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы әкімдігі жәрмеңкеге байланысты жүргізушілерге ескерту жасаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2191332-demalys-kunderi-almatynyng-ortalyq-koshelerining-biri-zhabylady/