Қазақстандықтар "Орешник" зымыранының ұшырылғанын көргені туралы желідегі ақпарат жалған болып шықты
Жарияланған күні:
Telegram-дағы арналарының бірінде Сәтбаев қаласының тұрғындары ресейлік "Орешник" баллистикалық зымыранының ұшырылғанын көргені туралы ақпарат жалған болып шықты. Бұл туралы StopFake.kz сайты хабарлайды.
Басылымның жазуынша, қазақстандықтар 21 қараша күні Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған ресейлік "Союз-2.1а" зымыранын көрген болуы мүмкін. Ресейлік "РИА Новости" ақпараттық агенттігінің ақпаратына сәйкес, Байқоңырдан "Прогресс МС-29" жүк кемесі ұшырылған.
"Байқоңыр ғарыш айлағынан "Прогресс МС-29" жүк кемесі бар "Союз-2.1а" зымыраны ұшырылды. Ол көтерілгеннен кейін көп ұзамай кемені төмен жер орбитасына шығарды. Оның халықаралық ғарыш станциясына ұшуы екі күнді алады, Халықаралық ғарыш станциясы ресейлік сегментінің "Поиск" модуліне қондыру 23 қарашада Мәскеу уақытымен 17:36-ға жоспарланған", - деп хабарлады РИА Новости агенттігі.
Еске салсақ, бұған дейін Трамптың Маскпен бірге Starship зымыранының ұшырылу сәтін бақылағанын жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2191383-qazaqstandyqtar-oreshnik-zymyranynyng-ushyrylganyn-korgeni-turaly-zhelidegi-aqparat-zhalgan-bolyp-shyqty/