Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде полиция капитанын көлігінің капотында сүйреген келіншек жазаланды

Жарияланған күні:

Полиция қызметкері
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақтөбеде полиция капитанын "Lexus" капотында екі квартал жерге дейін сүйреген келіншекке қатысты үкім шықты. Айыпталушыға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбе қалалық сотында полиция қызметкерін капотында сүйреген келіншекке қатысты қылмыстық істің үстің үкімі оқылды. Сотталушы Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3-бөлігі "Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері" бабымен тергелді.

"Қылмыстық кодекстің 380-бабы бойынша айып тағылды. Ж.Ө. Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалсын. Пробациялық бақылауға алынсын. Түнде дәмхана, мейрамханаға баруға шектеу қойылады. Пробациялық бақылау тәрбітін бұзса, бас бостандығынан айырылады",- деді судья Әбдіхалықов.

Мемлекеттік айыпталушы да сотталушыны екі жылға бас бостандығынан шектеуді сұрады.

Ал сотталушы соңғы сөзінде әрекеті үшін өкініш білдірді. Кешірім сұрап, мұндай жағдайдың қайталанбайтынын айтты. Үш баласы барын, үлкені мектеп жасында екенін жеткізді. Кішкентай балалары соңғы екі айда далаға серуендеуге шықпағанын айтты.

Сотталушы 1994 жылғы. Ақтөбе облысының тумасы. Жоғары білімді, некеге тұрмаған.

Еске салсақ, оқиға биыл 22 қыркүйекте болды. Полиция қызметкері Данияр Аймағамбетов мас жүргізушіні оның көлігімен алып жүрген. Кейін мас жүргізуші қолма-қол ақшаны азаматтық әйеліне беруі керек екенін айтып, оны шақырады. Кейін оның көлігіне отырып, қашуға тырысқан. Полиция капоттан ұстап үлгерген. Жәбірленуші сотқа берген жауабында екі квартал жерге капот үстінде алып жүргенін айтты.

Сотта айыпталушының үш баласы бар екені айтылды. Оның екеуі қазіргі азаматтық некедегі күйеуінен.

Айта кетейік, осыған дейін полиция капитанын капотында сүйреген ерлі-зайыптылардың ұсталғанын хабарладық. Әлеуметтік желідегі пабликтерде құқық бұзушының "Автопарк" ЖШС-нің қожайыны, экс-депутаттың ұлы екені айтылды.

Авторы: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2191401-aqtobede-politsiia-kapitanyn-koligining-kapotynda-suiregen-kelinshek-zhazalandy/