Жел күшейіп, тұман түседі: еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Жарияланған күні:
Қазақстанның бірқатар облысында 23 қарашада ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды – кей өңірлерде тұман түсіп, жел күшейеді деп болжанды. Бұл жөнінде "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Астанада ертең тұман түседі деп болжанды.
23 қараша түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ертең түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында солтүстігінде тұман күтіледі.
Сенбі Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
23 қарашада Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20 м/с болады.
Ертең түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с болады.
Сенбі түнде Абай облысының солтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с болады.
23 қарашада түнде және таңертең Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Ертең түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанып отыр. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Сенбі Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с болады деп болжанып отыр.
23 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Ертең Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Сенбі Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп болжанды.
23 қарашада түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Ертең Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с болады.
Сенбі Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2191449-zhel-kusheiip-tuman-tusedi-elimizding-birqatar-ongirinde-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhariialandy/