Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттегі пәтерлердің бірінен қарияның мәйіті табылды

Жарияланған күні:

Тұрғын үй
Тұрғын үй. Фото: otyrar.kz

Шымкенттегі пәтерлердің бірінен 78 жастағы қарияның мәйіті табылды. Қайғылы оқиға 15 қараша күні Спорт шағынауданындағы 5 қабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, зейнеткер иіссіз газға уланып көз жұмған. Бүгінде полиция аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғады, деп жазады Otyrar.kz.

Оқиғаға қатысты Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі пікір білдірді.

"Аталған жайтқа қатысты Қылмыстық Кодекстің 306-бабы бойынша іс қозғалды. Тиісті сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.

Басылым мәліметінше, оқиға орнында тағы 3 адам болған. Олар сол сәтте ауруханаға жеткізілген. Науқастардың бірі тіпті жансақтау бөліміне жатқызылған.

"Қабылдау бөліміне 3 науқас жеткізілді. Апа және 2 немересі. Апаның жағдайы ауыр болған соң реанимацияға жатқызылған. Келесі күні токсикология бөлімшесіне ауыстырылған. Бүгін немересі мен екеуін үйіне шығардық. Жағдайлары жақсы", - деді дәрігер-токсиколог Асылбек Мыңбосынов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2191887-shymkenttegi-paterlerding-birinen-qariianyng-maiiti-tabyldy/