Шымкентте жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасалды
Жарияланған күні:
Шымкент қалалық перинаталды орталықта жаңа туған сәбиге күрделі ота жасалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
ӨКҚ Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, қалалық перзентханадан орталықтың реанимация және қарқынды терапия бөліміне 3600гр салмақпен туған ер бала жеткізілген.
Кеңірдек ақауымен туған нәрестеге "өңештің туа біткен атрезиясы яғни кеңірдек —өңештік жыланкөз" диагнозы қойылған. Жедел әрекет еткен орталықтың тәжірибелі дәрігерлер тобы сәбиге "Кеуде ішілік эзофаго-эзофагостомия" отасын жасап шықты.
Баланың қазіргі жағдайы тұрақты. Дәрігерлердің жіті бақылауында.
Айта кетейік, қалалық перинаталдық орталықта биылдан бастап неонаталдық хирургиялық операциялар жасала бастады. Бүгінге дейін ішкі ағзаларының ақауымен туған 40-там астам сәбиге күрделі ота өткізілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2192004-shymkentte-zhanga-tugan-narestege-kurdeli-ota-zhasaldy/