jitsu gif
Оқыс оқиға

    Құтқарушылар Алматы маңындағы жер сілкінісінен кейін мониторинг жүргізді

    Алматы қаласы
    Алматыдағы "Қазақстан" қонақ үйі. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    26 қарашаға қараған түнде Алматы, Алматы облысы және Жетісу өңірінің тұрғындары жер сілкінісін сезді. Құтқарушылар оқиғадан кейін мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Қазселденқорғау" АТЭТУ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді.

    Сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді.

    "Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді.

    Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, Төтенше жағдайлар министрлігі "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 25 қарашада Астана уақыты бойынша 23 сағат 45 минут Жетісу облысында жер сілкінісін тіркеді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.