Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысында көпқабатты үйдің подъезінде дәрет сындырған ер адам видеоға түсіп қалды

Жарияланған күні:

Күдіктінің жеке басы анықталды
Күдіктінің жеке басы анықталды. Видеодан кадр: polisia.kz

Абай облысында көпқабатты үйдің подъезінде дәрет сындырған ер адам видеоға түсіп қалды. Полицейлер құқықбұзушы 22 жастағы тұрғын екенін анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Абай облысы полиция департаменті қызметкерлері Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған ұсақ бұзақылық оқиғасын анықтады.

Көпқабатты үйдің подъезінде әдепсіз әрекет жасап, қоғамдық орында дәрет сындырған ер адам видеоға түсіп қалған.

Полиция қызметкерлері жедел түрде шаралар қабылдап, құқықбұзушыны анықтады.

22 жастағы облыс тұрғынына ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе 5-тен 15 күнге дейін әкімшілік қамауға алыну қаупі төніп тұр.

Полиция департаменті өкілдері өңір тұрғындарына қоғамдық орындарда әдепсіз әрекеттерден аулақ болуды ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2192559-abai-oblysynda-kopqabatty-uiding-podezinde-daret-syndyrgan-er-adam-videoga-tusip-qaldy/