Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жол үстінде көкпар тартқан: бірнеше адам әкімшілік қамаққа алынды (видео)

Жарияланған күні:

Хорғос-Алматы тас жолы
Хорғос-Алматы тас жолы. Видеодан скрин: instagram.com/livenews.kz

Алматы облысы полиция қызметкерлері жол үстінде "көкпар" ұйымдастырған ер адамдарды жауапқа тартты. Бұл туралы облыстың полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Instagram-дағы livenews.kz парақшасында Қорғас – Алматы тасжолында бір топ адамның көкпар тартқаны таспаланған видео жарияланды.

Полицейлер әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Еңбекшіқазақ ауданы аумағы жолдарында шабандоздар тобының жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактісін анықтаған.

Аудандық полиция қызметкерлері құқықбұзушыларды полиция бөліміне жеткізген.

Қозғалыс ережелерін бұзғаны үшін ер адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Еңбекшіқазақ аудандық сотының қаулысына сәйкес, ұйымдастырушы 7 тәулікке, ал төрт қатысушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, қалғандарына айыппұл салынды.

"Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерге, оның ішінде құқықбұзушылықтарды анықтап уақтылы жолын кесуге бағытталған тұрақты мониторинг жүргізіп отыратынын атап өтеміз.

Жол қозғалысының барлық қатысушысын қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысы мен қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз", - деді полиция департаменті өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2192664-zhol-ustinde-kokpar-tartqan-birneshe-adam-akimshilik-qamaqqa-alyndy-video/