Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекеттік қызметке іріктеу: Шымкентте жаңа алгоритм пилоттық режимде іске қосылды

Жарияланған күні:

Құжат қарап отырған адам
Құжат қарап отырған адам. Көрнекі сурет: pexels.com / RDNE Stock project

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметке іріктеу мен конкурс өткізу процесін жаңғыртудың пилоттық жобасын бастады. Жаңа әдіс ағымдағы жылдың шілде айынан бастап Шымкенттің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде қолданылуда. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Іріктеу және конкурс өткізу процестері толықтай цифрландырылды және https://eqyzmet.gov.kz сыртқы интернет-порталы арқылы жүргізіледі. Бұл жаңашылдықтардың басты артықшылығы – ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету.

Ерекшеліктері:

  • Әңгімелесуге дейінгі іріктеу электронды түрде өтеді.
  • Онлайн әңгімелесу: Үміткерлер комиссиямен қашықтан сұхбаттасады.
  • Үшінші тараптың қатысуы: Комиссия құрамында сырттан шақырылған тәуелсіз сарапшы болады, ол сұрақ қоюға және баға беруге тең дәрежеде қатысады.
  • Теңсіздікті жою: Комиссия мүшелері үміткерге өзара ықпал ете алмайды, себебі бағалау жеке-жеке және автоматтандырылған жүйе арқылы жүргізіледі.
  • Сұрақтардың икемділігі: Сұрақтар алдын ала бекітілмейді, комиссия мүшелері үміткердің жеке және кәсіби құзыреттерін анықтау үшін еркін сипаттағы сұрақтар қоя алады.
  • Сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл: Әңгімелесу жазбалары жүйеде сақталады, бұл процестің ашықтығын арттырады.

Жаңа әдіс мемлекеттік қызметке үміткерлер арасында ашық бәсекелестік орнатуға ықпал етеді және кадрларды іріктеуде заманауи технологиялық шешімдердің тиімділігін көрсетеді. Пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, жаңа алгоритм Қазақстанның басқа өңірлеріне де таратылады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2192751-memlekettik-qyzmetke-irikteu-shymkentte-zhanga-algoritm-pilottyq-rezhimde-iske-qosyldy/