Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көшелерде Ресейдің туы ілініп тұр": Астанада Путинді қарсы алуға қызу дайындық жүріп жатыр (фото, видео)

Жарияланған күні:

Ресей туы ілінген билборд
Фото: KAZ.NUR.KZ/Ләззат Салимова

Астанада 28 қарашада өтетін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) саммитіне қызу дайындық жүріп жатыр. Елорда көшелерінде, оң және сол жағалаудағы электронды билбордтарда Ресейдің мемлекеттік туы ілінген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әр түрлі ракурста түсірілген көршілес мемлекеттің байрағының суреттерін тұрғындар әлеуметтік желілерде бөлісіп жатыр. Мәңгілік ел даңғылы бойында Қазақстан мен Ресей мемлекетінің тулары алма-кезек ілінген.

РРесейдің туы Астана көшесіндегі аялдама жанында
Фото: KAZ.NUR.KZ/Ләззат Салимова

Жол жиектерінен әскери техникаларды, полиция қызметкерлерін көруге болады.

Арнайы техника Ботаникалық бақта
Фото: KAZ.NUR.KZ/Ләззат Салимова

Көрші елдің туы қала көшелеріндегі, ойын-сауық орталықтары алдындағы билбордтарға да ілінген.

Ал Астана әуежайындағы билбордта "Ресей Федерациясының президенті, жоғары мәртебелі Владимир Путин мырза, Астанаға қош келдіңіз!" деген жазу жазылып, Ресей президентінің суреті ілініпті.

Айта кетейік, Ресей президенті Владимир Путин 27-28 қарашада мемлекеттік сапармен Қазақстанға келеді. Ресей басшысы Астанада Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысына қатысады.

Осы шараға байланысты екі негізгі көше — Нәжімеденов пен Аманжолов көшелері 28 қарашада таңғы сағат 6:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жабылатыны туралы хабарланды. Сонымен қатар осы екі күн бойы қалада авиациядағы озық ұшақтар ұшады деп күтіліп отыр. Айта кету керек, Астанадағы кей жоғары оқу орындары қашықтықтан оқу режиміне көшеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2193081-koshelerde-reseiding-tuy-ilinip-tur-astanada-putindi-qarsy-aluga-qyzu-daiyndyq-zhurip-zhatyr/