Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте ломбардты ойыншық тапаншамен тонамақ болған азамат сотталды

Жарияланған күні:

Шымкенттегі ломбард
Шымкенттегі ломбард. Видеодан кадр: instagram.com/ police_shymkent

Шымкентте ломбардты ойыншық тапаншамен тонамақ болған азаматқа сот үкімі шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шымкент соттарының Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сот мәліметінше, Шымкентте медициналық бетперде киген қылмыскер ломбардқа басып кіріп, ломбард қызметкерін ойыншық мылтықпен қорқытып, 100 мың теңге талап еткен. Ал ломбардқа телефонын алу үшін кірген 18 жастағы жігіт қарақшылық шабуылды соңына дейін жеткізуге жол бермеген. Қылмыскер оқиға орнында ұсталды.

"Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында айыпталушыға қатысты Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 191-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (зорлық-зомбылық қолданамын деп қорқытып, бөтеннің мүлкін ашық ұрлауға оқталу) бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында прокурор айыпты Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 191-бабының 1-бөлігі бойынша өзгертіп, "зорлық-зомбылық жасаймын деп қорқытумен" деген біліктілік белгіні алып тастады", - делінген сот хабарламасында.

Сот жәбірленуші тараптың қарсылығы болмаған жағдайда айыпты өзгертуге міндетті. Сотталушының кінәсі жәбірленуші мен жәбірленуші өкілінің айғақтары, бейнежазбалар және басқа да дәлелдемелер арқылы дәлелденді.

"Соның негізінде сот сотталушыны кінәлі деп таныды. Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі мен 191-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыс ауырлығы орташа қылмыстарға жатады. Жеңілдететін мән-жайларға кінәсін мойындау, жасаған қылмысына шын жүректен өкіну, жастығы, соттылығының болмауы жатқызылды, жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар белгіленбеген", -делінген хабарламада.

Сот мәліметінше, қылмысқа оқталу үшін жаза ең жоғары мерзімнің 3/4 бөлігінен аспауы керек. Іс бойынша тергеу жеделдетілген тәртіпте жүргізілгендіктен, Қылмыстық кодекстің 56-бабы 3-бөлігіне сәйкес жаза ең жоғары мерзімнің 1/2 бөлігінен аспауы керек.

Осыған байланысты сотталушы 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектелді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2193185-shymkentte-lombardty-oiynshyq-tapanshamen-tonamaq-bolgan-qylmysker-sottaldy/