2025 жылы балалар Ұлттық қордан қанша ақша алады: Ұлттық банк өкілдері жауап берді
Жарияланған күні:
Читать на русскомҰлттық банк өкілдері бүгінгі өткен брифингте қазақстандық балалар 2025 жылы Ұлттық қордан қанша ақша ала алатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Операциялық деректерге сәйкес, Ұлттық банк Ұлттық қорды басқарудан 10 айда 5,3 млрд доллар табыс тапты. Оны екіге бөлсеңіз, 2,6-2,7 миллиард доллар болып шығады. Бірақ біз оның орташа есебін шығарамыз, онда басқа сома. Азырақ болады", - деді Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов.
Оның жауабын төрағаның орынбасары Ақылжан Баймағамбетов толықтырды.
"18 жыл ішінде орташа жылжымалы мән ауысады, сондықтан (сома басқаша болады – ред. ескертпесі) және бұл 1 қаңтарда қанша бала болатынына байланысты", - деді ол.
Бұл сұраққа толығырақ төраға орынбасары Әлия Молдабекова жауап берді.
''Олар қаңтарда, қаңтардың басында есептеледі. Естеріңізде болса, жыл басында әр балаға шамамен 100 доллардан есептегенбіз. Бірақ бұл балалардың санына байланысты болады. Бізде 2023-2024 жылдарда инвестициялық кіріс тұрғысынан жақсы болды, сондықтан әріптесім айтқан жылжымалы орташа көрсеткіш өсіп келеді. Іс жүзінде келесі жылдың қаңтарында бұл сома 100 доллардан асуы мүмкін", - дейді ол.
Еске салайық, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің бір бөлігін балалардың шотына аудару туралы заңға президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 16 қарашада қол қойған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2194343-2025-zhyly-balalar-ulttyq-qordan-qansha-aqsha-alady-ulttyq-bank-basshylygy-zhauap-berdi/