Алматыдағы автобустың қатысуымен болған жол апаты: сот көлік тізгінінде болған әйелге үкім шығарды
Жарияланған күні:
Алматы қаласы Алматы аудандық соты Мақатаев көшесінде болған жол апатына қатысты үкім шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Судья Қайрат Иманқұлов сотталугының кінәлі деп танып, оны 2,5 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде шешім шығарды.
Сонымен бірге, судья жазаның орындалу мерзімін үш жылға, сотталушының баласы 3 жас 9 айға толғанға дейін, шегерді. Алайда, сотталушы ата-ана міндетін атқармаса немесе тәртіп бұзса, оны бірден колонияға жіберуі мүмкін.
Бұған қоса, сотталушы бес жылға көлік жүргізу құқығынан айрылды.
Аудандық сот шығарған үкімге одан жоғарғы инстанцияға шағымдануға болады.
Естеріңізге сала кетейік, 26 маусымда Алматыда қалалық автобус көше бойындағы дүкеннің бірінің қабырғасына соғысты. Қалалық полиция мәліметінше, жол апатынан 16 адам зардап шекті. Бір жолаушы қаза тапты.
Полиция дерегіне қарағанда, Kia автокөлігі Мақатаев көшесінде 18-бағыттағы автобуспен соғысқан. Содан кейін автобус жол шетіне шығып кеткен.
Сотта прокурор айыпталушыға 2,5 жыл сұраған. Ал сотталушы кешірім сұрап, тоғыз айлық баласы барын айтқан. Жол апатынан қаза тапқан жігіттің ағасы кешірім бергенін мәлімдеген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2194373-almatyda-sot-zhengil-avtokolikpen-avtobus-soqqan-aielge-ukim-shygardy/