jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Қолын бұрап, саусағын қайырған": лифтке жасөспіріммен бірге мінген Астана тұрғыны ұсталды (видео)

Лифт
Ғимарат ішіндегі лифт. Көрнекі фото: pixabay.com

Желіде ұлын лифтте мас ер адам қорқытқанын айтқан Астана тұрғынының үндеуі пайда болды. Полицейлер тергеуді бастады, деп хабарлайды елордалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Telegram-дағы "Жалобы Астана" арнасында елорда тұрғыны 15 жасар ұлын белгісіз мас ер адам қорқытқанын айтқан. Оның айтуынша, оқиға 28 қарашада сағат 22.10-да болған.

"Бұл адам алкогольге мүмкін есірткіге мас күйде, 15 жасар балама әдепсіз сөздер айтып, оны өлтіремін деп қорқытқан. Содан кейін оны тұншықтырмақшы болып, лифттен шығармауға әрекет жасаған. Физикалық күш көрсетіп, қолын бұрап, саусағын қайырған", - делінген жазбада.

Баланың анасының айтуынша, ер адамды полицейлер ұстаған, бірақ ол қарсылық көрсеткен.

KAZ.NUR.KZ тілшісі түсініктеме алу үшін Астана полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласты.

"Бұл факті бойынша құқық бұзушы анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу нәтижелері бойынша заңға сәйкес шаралар қолданылады", - деп хабарлады ПД өкілдері.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

"Қолын бұрап, саусағын қайырған": лифтке жасөспіріммен бірге мінген Астана тұрғыны ұсталды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.