Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент тұрғыны пара беруге оқталғаны үшін 195 млн теңге айыппұл арқалады

Жарияланған күні:

Ақша салынған әмин
Ақша салынған әмиян ұстаған ер адамның қолы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шымкент тұрғыны пара беруге оқталғаны үшін 195 млн теңге айыппұл арқалады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шымкент соттарының Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында сотталушы Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Оған Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 367-бабының 2-бөлігі (лауазымды адамға айтарлықтай мөлшерде пара беруге оқталу) бойынша айып тағылған", - делінген хабарламада.

Сот мәліметінше, азамат серіктестік директоры қызметін атқарып жүріп, Экономикалық тергеп-тексеру департаменті спирт өндіру, сақтау және өткізудегі заңсыз әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғағанын білген.

Ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмау мақсатында мамыр айында Департаменттің 1-басқармасы басшысына 20 мың АҚШ доллары (ресми бағаммен 8 788 000 теңге) және 1 млн теңге пара бермек болған.

Прокурор сотталушыға айыппұл жазасын тағайындауды сұраған.

"Жаза тағайындау барысында сотталушының қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Т. Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 367-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 20 еселенген мөлшерінде 195 641 856 теңге айыппұл жазасы тағайындалды", -делінген сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2194503-shymkent-turgyny-para-beruge-oqtalgany-ushin-195-mln-tengge-aiyppul-arqalady/