Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент қалалық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы тағайындалды

Жарияланған күні:

Манкешова Тоғжан Жалғасқызы
Манкешова Тоғжан Жалғасқызы. Фото: otyrar.kz

Шымкент қалалық білім басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы болып Манкешова Тоғжан Жалғасқызы тағайындалды. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.

Тоғжан Жалғасқызы осыған дейін Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары-әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссия хатшысы болып қызмет атқарған.

1982 жылы 8 наурызда Атырау облысында дүниеге келген. 2003 жылы Орта-Азиялық университетін құқықтану мамандығы бойынша, 2016 жылы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығын бойынша бітірген.

2003 - 2006 жылдары жеке секторда жауапт басшылық қызметтер атқарған.

2008 - 2010 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң департаментінің заң басқармасының сарапшысы;

2010 жылы Маңғыстау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау бөлімінің ХҚКО мәселелері бойынша бас инспекторы;

2010-2013 жылдары Маңғыстау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет сапасының мониторингі және бақылау бөлімінің меңгерушісі;

2013 - 2015 жылдары Маңғыстау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет сапасының мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы;

2015 - 2018 жылдары Маңғыстау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы;

2018 - 2019 жылдары Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары;

2019 -.2021 жылдары Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті еңбек көші-қонын мониторингілеу басқармасының басшысы;

2021 - 2023 жылдары Премьер-Министр кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің бас сарапшысы;

2023 жылы Үкімет аппараты Әлеуметтік даму бөлімінің бас сарапшысы;

2019 -.2021 жылдары Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті еңбек көші-қонын мониторингілеу басқармасының басшысы;

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2194505-shymkent-qalalyq-bilim-basqarmasy-basshysynyng-mindetin-atqarushy-tagaiyndaldy/