Шымкентте мыңға жуық үйдің құжаты жоқ болып шықты
Жарияланған күні:
Шымкентке кейіннен қосылған Сайрам тұрғын алабында мыңға жуық үйдің құжаты жоқ болып шықты. Бұл туралы Ontustiktv.kz сайты хабарлайды.
Телеарна мәліметінше, Шымкентке қосылғанына 10 жыл болған елдімекенде инфрақұрылым мәселесі әлі де өзекті. Ауыз су ахуалы мен жолдың жағдайы көңіл көншітпейді. Дегенмен сайрамдықтардың бүгінгі басты мәселесі тұрғын үйлерінің құжаты болып отыр.
Енді осы аумақтан сайланған депутаттар құжаты жоқ мыңнан астам үйдің мәселесін шешу үшін депутаттық сауал жолдайтынын айтты.
Шымкентке жалпы кейінгі жылдары 42 ауылды елдімекен қосылған. Бұл аумақтарда инфрақұрылым мәселесі қала жоспарына сай кезең-кезеңмен шешіліп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2194509-shymkentte-myngga-zhuyq-uiding-quzhaty-zhoq-bolyp-shyqty/